«Балалар қауіпсіздігінің алдын-алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар қауіпсіздігінің алдын-алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі»
07
октябрь
2022

«Балалар қауіпсіздігінің алдын-алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі»

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Панфилов атындағы орта мектепте 2022 жылдың 7 қазан күні сағат 17:00-де «Балалар қауіпсіздігінің алдын-алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға тақырыптық жадынамалар таратылып, директор міндетін атқарушы Г.М.Жетписбаева жиналысты ашып, күн тәртібі бойынша каралатын сұрактарды атап өтті. Жиналыс барысында Бастөбе ауылдық округінің бас маманы Л.Н.Сейтказинова "Бала құқықтары" тақырыбында, ауылдық учаскелік медбике Т.В.Натарова "Суицидтік жағдайлардың алдын-алу" тақырыбында кеңестер беріп, педагог-психологтар тренинг өткізу арқылы "Буллинг пен кибербуллинг" туралы түсінік бере кетсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жаулыбаева мен әлеуметтік педагог А.М.Тургельдинованың тарапынан "Бала өмірінің қауіпсіздігі" тақырыбы бойынша таныстырылым жасалып, әлеуметтік бейнебаяндар көрсетілді.