Ата-аналар жиналысы » Страница 3 » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2017

Ата-аналар жиналысы

Панфилов атындағы орта мектебі
Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
12.05.2017 ж.
Уақыты: 18.00
Қатысқаны: 1-11 сынып аралығындағы 48 ата-ана
Күн тәртібінде:
1. Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің жұмысы
2. Мектептегі 9,11 сыныптардың қорытынды аттестациясы
3. Жаңа форматтағы ҰБТ-2017
4. Мамандықты таңдау бойынша ата-аналарға кеңес
5. Республикалық «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция
Жиналыс барысында:
1.Тыңдалды: мектеп директоры Г.К. Егизбаева мектепішілік қамқоршылық
кеңесінің жұмыс мазмұнына тоқталды. Өз сөзінде қамқоршылық кеңестері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңестері – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы. Қамқоршылық кеңесінің құқықтық статусы екі түрде орнатылуы мүмкін: ол заңды тұлғаны құру жолымен де, құрмай-ақ та қызмет жасай алады. Білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты болып табылады. Білім беру ұйымының білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету.Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.Білім беру ұйымы басшылығының Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебін тыңдап-қабылдау қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттары екені туралы баяндады. Қамқоршылық кеңесінің құрамында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, білім беру мекемесінің әрбір сыныптары қатарынан ата-аналар комитеті ұсынған бір-бір ата-ана немесе заңды өкіл, қайырымдылық жасаушылар (спонсорлар) Қамқоршылар кеңесінің функциялары: Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау.Қайырымдылық көмек тарту және білім беру ұйымының оны жұмсау мен мақсатты бөлу жөніндегі шешімдерін мақұлдау.Білім беру ұйымы қызметіндегі Қамқоршылық кеңесінің айқындаған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу
Білім беру ұйымы басшысының мекеме қызметі бойынша есебін (қайырымдылық көмектің жұмсалуы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайлары жөнінде, т.с.с.) тыңдау.Білім беру ұйымының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне жасалған жағдаймен таныс болу деп сөзін аяқтады.
2.Тыңдалды: ДОТІЖО Д.С. Жунусова мектептегі 9,11 сыныптардың қорытынды аттестациясы туралы айтты. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасын меңгерген барлық мектеп бітірушілер төрт міндетті және бір таңдау пәні бойынша емтихан тапсырады. Ана тілі және әдебиетінен (мектептің оқыту тілі) эссе нысанынжа жазбаша емтихан. Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен немесе қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінде тестілеу. Қазақстан тарихынан ауызша емтихан.Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан.Таңдау бойынша пәндерден тестілеу. Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика. Эссе жазуға – 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына – 5 астрономиялық сағат.
Қазақстан Тарихы пәні бойынша ауызша емтихан. Билет саны -25. Мектептер, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармасының, Министрлік жанында комиссия құралады.Тестілеу мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес ҰТО әзірлеген тест тапсрымаларының көмегімен өткізіледі
3.Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны дей келе ата-аналар назарына екі тілде видеоролик қарауға ұсынды.
4.Тыңдалды: ДӘІЖО Ж.Т. Тулеугасымова ата-аналар назарына екі тілде мамандықты таңдау бойынша видеоролик қарауға ұсынды. Мектептің 9,10, 11 сынып оқушылардың ата-аналарына өз балаларының бейіміне қарай дұрыс мамандықты таңдауға көмектесуге мектеп пен ата-ана болып тығыз байланыста жұмыс жасап, мүмкіндігінше көмек көрсету қажеттілігі туралы айтты. Ауданымыздың жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырылатын ақысыз курстарға мектеп бітірушілер мен жастардың қатысуы арқылы жұмыспен қамтамасыз етілетіні туралы айтты. Ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарға мектеп әкімшілігі толығымен жауап берді.
5.Тыңдалды: мектеп кітапханашысы Т.С. Апсаликова Мектеп кітапханасының қорын толықтыруға, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мен оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатымен Республикалық «Кітапханаға кітап сыйла» атты акцияның басталғаны туралы ата-аналарға жариялады. Акцияның міндеттері мен мақсаттарына тоқтала келе, мектептің кітапхана қорын толықтыру қажеттілігі мен балаларға арналған әдеби кітаптардың керектігі туралы айтты. Ата-аналарды акцияға белсенді қатысуға шақырды.
Сөйледі: 11б сынып оқушының ата-анасы Р. Кохидзе мектеп тарапынан жасалынып жатқан жұмысты толығымен қолдайтыны туралы айта келе ата-аналар жиналысында талқылаған мәселелердің маңыздылығына тоқтала кетті. Қорытынды аттестация мен ҰБТ жаңа форматта өткізілетіні ата-аналарға түсіндіріліп әр жиналыста айтылатыны туралы хабарлады.Қамқоршылық кеңестің құрылу қажеттілігіне аса назар аударды. Республикалық акцияға ата-аналарды қатысуға үгіттеді
Ұсыныс:
1. Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің жұмысы жандандырылсын
2. Мектептегі 9,11 сыныптардың қорытынды аттестациясына оқушыларды дайындау ата-аналар тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілсін
3. ҰБТ-ге қатысатын оқушылардың ата-аналарына мектеппен тығыз байланыста болып, балаларына сынаққа дайындалуға толық жағдай жасау
4. 9,10,11 сыныптарда оқитын оқушылар ата-аналарына балаларының мамандықты таңдау бойынша берілген кеңестерге назар аудару
5. Республикалық «Кітапханаға кітап сыйла» атты акцияға балалар мен ата-аналарды белсенді қатыстыру


Мектеп директоры Г.К. Егизбаева

Хатшы А.М. Тургельдинова
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы