"Панфилов атындағы орта мектеп" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің әкімшілік функционалдық міндеттері » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Панфилов атындағы орта мектеп" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің әкімшілік функционалдық міндеттері
14
март
2020

"Панфилов атындағы орта мектеп" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің әкімшілік функционалдық міндеттері

Мектеп директоры Т.Д.Инахановтың мiндеттерi:
Мектеп директоры келесі лауазымды міндеттерді орындайды:
-Мекеме жарғысына сәйкес мектептің барлық бағыттағы қызметін жүзеге асырады;
-Мектеп педагогикалық кеңесін;
-Мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын, қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін ;
-Жарғыны және мектептің ішкі тәртіп ережелерін және басқа оқу-әдістемелік құжаттарды үйлестіреді, бекітеді және бақылайды;
-Жоғары тұрған органдармен келісу арқылы мектепті басқару құрылымын, штаттық кестені анықтайды;
-Оқу-әдістемелік, әкімшілік, қаражаттық және басқа мектеп қызметінің барысындағы сұрақтарды шешеді;
-Педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;
-Жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады;
-Қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтайды, кәсіпкерлік деңгейлерін жоғарылатуға жағдай жасайды;
-Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы мөлшерлеріне үстемелер және қосымша төлеулерді қосуды анықтайды;
-Оқушылардың сабақ кестесін, жұмыс графиктерін және мектеп қызметкерлерінің педагогикалық жүктемесін, тарификация тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді;
-Қызметкерлердің шығармашылық ынтасын көтереді және ынталандырады, ұжымда қолайлы адамгершілік-психологиялық ахуалды сақтайды;
-«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемесінің типтік жағдайына» сәйкес оқушылар контингентін қалыптастырады. Әлеуметтік қорғану және оқушы құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
-Мектепті мемлекеттік тіркеу, білім қызметін лицензиялау, мемлекеттік іскерлік сараптауды және мектеп аккредитациясын жүзеге асырады;
-Мектеп қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және дәрігерлік қызмет жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, қоғаммен және ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) нәтижелі әрекеттестік және іскер ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
-Білім алу процесін, қызметкерлердің қосымша әдістемелік дамуын үйлестіреді;
-Мектеп педагогикалық кеңесі қызметіне басшылық етеді;
-Қоғам (балалар және жастар) ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді;
-Ұжымдық келісімшарт орындалуын қамтамасыз етеді;
-Мұғалімдердің апталық жүктемесін бөлуге;
-Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және басқа органдарда, ұйымдарда мекемелерде мектептің атынан жауап береді;
-Оқу-материалдық негізді толықтыруға, сақтауға және мұрағаттық құжаттардың сақталуына, іс жүргізу жұмыстарын, бухгалтерлік есептерді, статистикалық есептілікті басқаруды қадағалауға міндетті;
-Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, жәрдемақылардың тағайындау жөніндегі жұмысты белгіленген ретте ұйымдастырады;
-Білім процесін еңбек заңына, салааралық және ведомстволық нормативті құжаттарға, актілер және мектеп жарғысына сәйкес іске асырады;
-Техникалық коммуникацияларды жүргізу қауіпсіздігін, олардың еңбек заңына, стандартқа, ережелерге, нормаларға сәйкестігін қадағалайды, білім алатын мекеме ғимараттарының жөнделуін дер кезінде ұйымдастырады;
-Еңбек қауіпсіздігін оқу бөлмелерінде, шеберханаларда, спортзалдарда және т.б. қосымша бөлмелерді қадағалайтын жауапты тұлғаларды тағайындайды;
-Педагогикалық ұжымның лауазымды міндеті мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бекітеді;
-Жарты жыл сайын қызметкерлердің алдында мектептің күй-жағдайы, оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын жақсарту шаралары, білім процесін жақсарту, кемшіліктерді жою туралы диспансерлеудің дер кезінде өткізілуі туралы есеп береді;
-Жаңа оқу жылына мектептің дайындығын ұйымдастырады;
-Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулық және нормативті құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді, басқару органдарының, мемлекеттік қадағалаудың, еңбек техникалық тексерулерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
-Кез келген жазатайым жағдайлар туралы жоғары тұрған білім басқару органына, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дер кезінде хабарлайды;
-Жазатайым жағдайды туғызған себептердің жойылуына және объективті тексеріс өткізілуін қамтамасыз етеді;
-Жұмыс істеушілердің және оқушылардың ішкі тәртіп ережелері мен функционалдық міндеттерін кәсіподақ комитетімен келісіп бекітеді;
-Кәсіподақ комитетімен және ата-аналар қоғамымен бірге асханада және буфетте тамақтануды жетілдіру, өнімдердің ассортиментін, азық-түліктің сапалы даярлау шарттарын жасайды;
-Дәрігерлік қызметкерлермен бірге мектепте дәрігерлік қызметтердің сапасын көтеруді шешеді;
-Жұмыс істеуші және оқушының дұрыс демалуы мен жұмыс істеу тәртібін бақылайды;
-Оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына зиян келетін жағдайда оқу процесін тоқтата алады;
-Мектептегі әкімшілік тарапынан ұйымдастырылған кезекшілікті қадағалайды;
-Есепті өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына дер кезінде береді;
-Жарғыны және мектептің ішкі тәртібін, нормативті актіні, білім басқармасының бұйрығын және тағы басқа қызметтік міндеттерді орындамауда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
-Өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін, еңбек қауіпсіздігін, санитарды-гигиеналық ережелерді сақтамағанда мектеп директоры Қазақстан Республикасының әкімшілік заңына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
-Өз лауазымдық міндетін орындауда мектепке немесе білім үрдісіне зиян келтірсе, материалдық жауапкершілікке тартылады;
-Мектеп психологы мен дефектологтың жұмыстарына бақылау жүргізеді;
-Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік жоспарға сай: сәрсенбі: 08:00 – 19:00 арасы.
- Бастауыш сыныптардың, мектепалды даярлық топтарының, математика, физика, пәндерінің оқытылуына және шағын орталықтың жұмысына жауапты;

Құқығы
Мектеп директорының өзіндік құқығы бар:
-Мектеп қызметкерлеріне білім үрдісі негізінде бұйрық беруге;
-Мектеп қызметкерлерін тәртіптік және басқа жауаптылыққа тартуға;
-Оқу-тәрбиелік үрдіске кедергі келтірген, мектеп жарғысын және ішкі тәртіпті орындамаған теріс қылықтары үшін мектеп оқушыларын жауапкершілікке тартуға;
-Нормативті заңға сәйкес ұйымдық-әдістемелік сипаттағы мемлекеттік және атқару органдырынан нұсқаулық хабарлар алуға;
-Оқушылармен өтілетін сабақтарға қатысуға;
-Қажетті жағдайда ғана сабақ кестесіне өзгертулер енгізуге, сабақты болдырмауға, бірігіп өткізілетін кездерде ғана топтар мен сыныптарды біріктіруге;
-Өз өкілеттіктерімен делегат жіберуге, сенім хаттар беруге.

Мектеп директорының ОТI жөніндегі орынбасары Д.Жұмаханұлының міндеттері:
- Оқу-тәрбие жоспарын дайындап, мектеп мәселесін жүзеге асыруға, мектептің ішкі ережесінің сақталуына жауапты;
- „Білім туралы“ Заңның орындалуын қадағалайды;
- Мұғалімдердің апталық жүктемесін бөлуге қатысады;
- Мектеп бойынша уақытында мәлімет, ақпарат дайындап және есеп береді;
- Мектепішілік бақылау жүргізеді және анықтама дайындайды;
- Сабақ, үйірме, факультативтерге сабақ кестесін құрып, оқушылардың білім жүктемесіне бақылау жасайды және кесте бойынша сабақтарды қадағалайды;
- Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, үйірме, факультатив сабақтарының жоспарларын, қосымша сабақтардың жоспарларын бекітуге қатысады және қадағалайды;
- НОБД жұмыстарын талапқа сай толтырылуына жауапты;
- Тарификация құрып, ай сайын мұғалімдердің сабақ жүргізгенін бақылай отырып, табельді толтыруда босатылған, алмастырылған, қосымша сабақтарды жазуға арналған журналдарды жүргізуді міндетіне алады, дұрыс толтырып бухгалтерияға уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді;
-Педагогикалық кадрларды жұмысқа іріктеу мен қабылдауға қатысады;
-Оқыту процесін жетілдіру жайында ұсыныс енгізеді;
- Мектептің білім сапасы көрсеткішінің артуын қадағалауға және білім сапасының өсу динамикасын жасайды;
- Оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуіне және кітапхананың оқу - әдістемелік және көркем әдебиеттермен, электрондық кітаптармен толтырылуын қамтамасыз етілуіне ықпал етеді;
-Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады;
- Оқушылардың білім деңгейін бағалай отырып,4, 9,11 -сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз етуге жауап береді;
- Оқушылардың қорытынды аттестациясына дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
- 10-11 сынып оқушыларын бейімді оқытылуын ұйымдастырып, жүзеге асырылуын қадағалайды;
- 0-11 сыныптарының электронды журналдарының дұрыс толтырылуына жауапты;
Оқушылардың білім алу нәтижесінің нақтылығына, мемлекеттік білім стандартының орындалуына, білім сапасына, бақылау жасайды;
Кабинеттердің пән бойынша безендірілуіне;
Педкеңеске, әдістемелік кеңеске материал дайындауға;
Ағымдық, кешендік т.б. жоспарлар жасауға;
Мектепішілік бақылауға қатысуға;
Психологиялық микроклиматты сақтауға;
Өз қарауындағы қызметкерлерді марапаттауға және тәртіптік жаза қолдануға мектеп директорына ұсыныстар түсіреді;
Мұғалімге пән бойынша білім сапасы мониторингін жасауға (жеке картотека т,б)
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
- Үйде оқытылатын балалармен жасалынатын жұмысты ұйымдастырып, қадағалайды; - Аптасына 6 сабаққа қатысуға;
- Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін,
түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
- химия, биология, жаратылыстану,бастауыш сыныптар пәндерінің оқытылуына жауапты;
Мектепішілік кезекшілік: дүйсенбі 08:00 – 19:00 арасы.


Директордың әдістемелік іс жөнінен орынбасары А.А.Даулетованың міндеттері

Мектептің әдістемелік жоспарын құрып, оны жүзеге асыруға жауапты;
Мұғалімдердің оқу жоспарының әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлануына;
Оқытушылардың оқу әдістемелік құжаттарын, оқу жоспары мен бағдарламасының дайындалуы мен орындалуын үйлестіреді;
Оқушылардың білім алу нәтижесінің нақтылығына, мемлекеттік білім стандартының орындалуына, білім сапасына, бақылау жасайды;
Сабақ жоспарының әдістемелік талапқа сай жазылуына әдістемелік нұсқаулық беруге;
Пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмысына үйлестіруге жауапты;
Білім технологияларымен таныстыру жұмыстарын жүргізіп, білім сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты;
Кабинеттердің пән бойынша әдістемелік безендірілуіне;
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату, ендіру жұмыстарын жүргізуге;
Жас мамандармен жұмыс;
Жаңадан келген мамандармен жұмыс;
Әдістемелік іс-шараларға /семинар, конкурс, консилиум, дөңгелек үстел т,б/;
Педагогикалық кадрларды аттестаттау жұмысына қатысуға;
Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстан өтуін ұйымдастыруға, үш деңгейлі курстан өткен мұғалімдердің жұмыстарының жүргізілуін қадағалауға жауапты;
Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысына;
Дарын, Кіші ғылым академиясын, интеллектуалдық сайыстарды т.б. ұйымдастыруға;
педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізуге, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдермен жұмысты ұйымдастыруға;
Әдістемелік кеңес жұмысына қатысуға;
Тамыз мәслихаты жұмысына ұйымдастыруға;
Мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына тәрбиелеуге;
Педкеңеске, әдістемелік кеңеске материал дайындауға;
Ұжымның әдістемелік жұмысына анализ, мониторинг жасауға;
Инновациялық технология материалдары бойынша мектепте жалпы лаборатория жасауға;
Ағымдық, кешендік т.б. жоспарлар жасауға;
Мектепішілік бақылауға қатысуға;
Жыл мұғалімі байқауын өткізуге;
Психологиялық микроклиматты сақтауға;
Өз қарауындағы қызметкерлерді марапаттауға және тәртіптік жаза қолдануға мектеп директорына ұсыныстар түсіреді;
Мұғалімге пән бойынша білім сапасы мониторингін жасауға (жеке картотека т,б)Аптасына 5 сабаққа қатысуға;
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
; - Аптасына 6 сабаққа қатысуға;
- Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін,
түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
- Қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің оқытылуына жауапты;
Мектепішілік кезекшілік: сейсенбі 08:00 – 19:00 арасы.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қ.Р.Азыхановтың міндеттері:
- Мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспарын құрып, оның жүзеге асырылуына, тәрбиенің 8 бағыты бойынша тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын қадағалауға жауапты;
-Мекеменің барлық тәрбие беру процесін ұйымдастыруға жауап береді;
-Мектепте мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізуге жауапты;
- Тіл туралы Заңның орындалуын қадағалауға;
- Оқушыларды тәрбиелеу бағдарламасын құрады, оны ұйымдастыруға жаңа ұсыныстар енгізеді;
- Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысы жоспарын сапалы толтыруына жауап береді;
-Тәрбие процесінің проблемаларын, тәрбие жұмысының нәтижесін, тәрбие жұмысы жөніндегі оқу орнының алдағы жетістіктері мен жағдайына талдау жасайды;
- Тәрбие жұмысы бойынша жалпы мектептік мәдени – тәрбиелеу шараларын, оқу орнының қызметкерлерімен өткізілетін тәрбиелеу процесін, үйірмелер, секция мен тәрбие жұмыстарын үйлестіреді;
- Білім беру ұйымының тәрбие жұмысымен айналысатын қызметкерлердің кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- Білім беру ұйымдарының тәрбие беру жұмысымен айналысатын білім бөлімі әкімшілігімен және құқық қорғау ұйымдарымен, ата-аналар ұйымымен қарым – қатынасын үйлестіреді;
- Тәрбие жұмысы уақытындағы қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- Сынып жетекшілері бірлестігіне басшылық жасайды олардың жұмысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізеді;
- Жас мамандармен жұмыс жүргізеді;
-Мектепішілік сабақтан тыс шараларға жоспар құрады, оның талапқа сай өткізілуін қадағалайды;
- Сынып сағаттарының сапалы өткізілуін қадағалайды;
- Ата-ана комитетін құрып, ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады;
- Мектептегі „Сенім“ жәшігіне жауапты;
- Мектепішілік бақылауға қатысады;
«Үздік сынып жетекшісі», «Үздік сынып сағаты», «Үздік сынып» жыл сайын байқауларын өткізуге;

- Педагог-ұйымдастырушының күнделікті жұмыс жоспарын, пәндерінің жүргізілуін қадағалайды.
- Сыныптар арасында мектепішілік кезекшілік кестесін құрып, кезекшіліктің дұрыс атқарылуын қадағалайды;
-Қамқоршылық кеңес жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізілуіне жауапты.
- Шалғай елді-мекенде тұратын оқушыларды тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырып, оқушыларды қауіпсіздік мен жолда жүру ережелерімен таныстыруға жауапты;
-Мемлекеттік „Мектепке жол“ акциясы, „Қамқорлық“ акциясы жұмыстарының жүргізілуіне жауап береді;
Өз қарауындағы қызметкерлерді марапаттауға және тәртіптік жаза қолдануға мектеп директорына ұсыныстар түсіреді;
-Тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау; оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын, ағымдағы және алдағы тәрбие үрдісін жоспарлау, тәрбие іс-шаралар кестесін жасау.-
Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысу.
-Мектеп кеңесіне, педкеңеске тәрбие жұмысы туралы мәселелер қою, оны талқылау.
-Мектеп директорының тәрбие ісін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты бұйрықтарды дайындайды.
-Кезекші әкімшілік міндетін атқарады.
-Кешкі рейд жұмыстарын жүргізу (белгіленген күндері).
-Мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмыстарын ұйымдастырады.
-Мектепке тасымалдауды жүзеге асырады.
-Оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуын қадағалайды.
- Үйірме жұмыстарына басшылық жасап, ата-аналар ұйымымен қарым-қатынас үйлестіреді.
- Дене шынықтыру – сауықтыру, тарих, география, дінтану, құқық, бейнелеу, музыка, өзін-өзі тану пәндерінің оқытылуын қадағалауға жауапты;
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік сәрсенбі: 08:00 – 19:00 арасы.


Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Р.Б Сейдағалиеваның міндеттері:
Мектептің материалдық – техникалық базасының сақталуына, құрал-жабдықтармен дер кезінде жабдықталуына, сынып бөлмелерінің, сабақ өтілетін орындардың күнделікті дайындығына, жылу, жарық, тазалық нормаларының орындалуына, өрт қауіпсіздігінің сақталуына, қызметкерлермен апаттың алдын-алу сабақтарын өткізуге;
Ұжымда психологиялық-моральдік ақуалдың қалыптасуына, қызметкерлердің күнделікті жұмыс істеуіне жалақы жазу үшін табельді жүргізуге жауап береді;
Медбике, кітапханашы, зертханашының басқа да мектеп ісін жүргізу қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Мектеп директорына бағынады. Мектепті уақытында жоғары сапалы жөндеуден өткізіп, қысқы мерзімге дайындап, жанармаймен, биологиялық отынмен қамтамасыз етеді, мектепті таза ұстау іс-шараларын жүргізеді;
Мектепті сынып жиһаздарымен, шаруашылық инвентармен жабдықтайды;
Мектептің материалдық – шаруашылығын тіркеу және есеп беру, қаржы іс-қағаздарын дұрыс жүргізуді ұйымдастырады;
Шағын автобустың техникалық жағдайын, құжаттарының дұрыс толтырылуын, жұмыс істеуін қадағалайды, жүргізушінің күнделікті медициналық тексеруден өтілуіне, техника қауіпсіздігін сақтауына жауап береді.
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін,
түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.



Педагог-ұйымдастырушы Ж.Жаулыбеваның міндеттері:
– оқушылардың ықпал етеді;
– «Жас Ұлан», «Жас Қыран» жұмысын үйлестіреді тәрбиеленушілердің, балалардың) тұлғалық дамуына, олардың таланты мен қабілет-қарымын қанаттандыруға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік салалардың педагогтануына;
- тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім алушы оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) жас және психологиялық ерекшелiктерiн, қызығушылығы мен қажеттiлiгiн зерделейдi, оларды әртүрлі шығармашылық қызметте iске асыруларына жағдай жасайды;
– балалар клубтарының, үйiрмелерінің, секцияларының және басқа да әуесқой бiрлестiктердің жұмыстарын, оқушылар (тәрбиеленушілер, балалар) мен үлкендердің бiрлескен шараларын ұйымдастырады;
– балалар ассоциацияларын, бірлестіктерін құруға байланысты бала құқықтарының жүзеге асуына ықпал етеді;
– кештер, мейрамдар, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырады, оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) бос уақытты өткізу, ойын-сауық жөніндегі әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды;
Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап мониторинг жүргізеді;
– мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлерін, ата-аналарды, жұртшылықты оқушылармен (тәрбиеленушілермен, балалармен) жұмыс жүргізуге тартады;
Оқушылармен салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады;
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік бейсенбі : 08:00 – 19:00 арасы.



Әлеуметтік- педагог Д.Қ.Утельбаевтың лауазымдық міндеттері
Девианттық мінез-құлықты балалармен жеке тәрбиелеу жұмыстарына бақылау жасайды;
- Профилактикалық кеңес құрып, оның жұмысының жүзеге асырылуына жауапты;
-Оқушыларды әлеуметтік жағдайына байланысты топтарға жасақтайды;
-Мемлекеттік „Мектепке жол“ акциясы, „Қамқорлық“ акциясы жұмыстарына ұсыныстар береді;
-Аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек беруге, аз қамтылған отбасы балалары оқушыларының ыстық тамақпен талапқа сай қамтылуына, табелін жүргізіп, уақытылы есебін тапсыруға жауап береді.
-Мектепте оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау мен туғанын қоғамдағы өмір сүруін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру.
-Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында карым-қатынас орнатады.
-Оқытушылар мен ата-аналармен және оларды ауыстыратын адамдармен жұмыс жасайды.
-Мектепте және мекен-жайына қатысты мектептен тыс тәрбиелік, ағарту, әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру, оларды іске асыру.
-Оқушылардың психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, шағын ортасын, өмір сұру жағдайын анықтау.
-Оқушы мен отбасы, мекеме, өмір сұру ортасы арасында делдалдық қызмет көрсету.
-Балалардың өмірін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
-Балаларға қамқорлық көмек көрсету барысында мұғалімдермен, ата-аналармен, арнайы әлеуметтік орталықтарда қарым-қатынаста болу.
-Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жәрдемақылық, зейнетақылық және тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету патронаждық жұмысты іске асыру.
- Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.
-Баланы әлеуметтік ортаға бейідеу, жеке тұлға ретінде дамыту.
-Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларыны зеріттейді.
-Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.
-Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді,
-Әлеуметтік –педагогикалық диогностика, әдістемесін анықтайды;
-Патронот бойынша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді;
-Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды;
-Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;
-Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді;
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік әр айдың 1-ші жұмасы күні: 08:00 – 19:00 арасы.

Директордың әскери-патриоттық ісі жөніндегі орынбасары
Н.А Жетписовтың міндеттері:
- Әр оқу жылына әскери-патриоттық жылдық жұмыс жоспарын құрып, оның жүзеге асыруға;
-Мектепте жалпы патриоттық жұмысқа, саяси идеология жұмысын жүргізуге;
- Оқушылардың әскери даярлығына;
- Оқушылардың президенттік тестерін тапсыруға;
- Әскери-спорттық мерекелердің өткізілуіне;
- Әскери-патриоттық жұмысты жүргізуге;
- Алғашқы әскери- патриоттық / жұмыстың/ кабинет жұмысына;
- Әскери- патриоттық конкурс, жарысқа қатысуға;
- Соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастыруға;
- Мектепте патриоттық тәрбиені ұйымдастыруды бақылауға;
- Ұлдар жұмысын ұйымдастыруға;
- Азаматтық қорғаныс жұмысына;
- Оқушылардың жолда жүру ережесі жұмысына;
- Мектепте психологиялық микроклиматты сақтауға;
-«Жас өрт сөндірушілер», «Жас полиция жасақшылары» тобының жұмысын ұйымдастыруға міндетті.
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік әр айдың 2-ші жұмасы күні: 08:00 – 19:00 арасы.








Педагог-психолог И.О.Соколованың және Ә.Қанатқызының міндеттері
Мектептің педагог-психологының жылдық жұмыс жоспарын құрып, оның жүзеге асыруға жауапты;
– тәрбие ісі мен оқыту процесінде оқушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандығын сақтау бағытындағы кәсiби қызметiн жүзеге асырады;
– бала құқықтары конвенциясына сәйкес баланың жеке құқықтарының сақталуына ықпал етеді;
– әлеуметтік салалар үйлесімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді, әлеуметтiк дизадаптация пайда болуының алдын алу бағытында сақтандыру шараларын жүзеге асырады;
– балалардың дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды және оларға әртүрлі психологиялық көмек көрсету(психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық) бағытында шаралар қабылдайды;
– балаларға, ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмектеседі;
– әр түрлi бейiн, бағыттарға психологиялық диагностика жүргiзедi;
– зерттеу материалдары бойынша оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық және әлеуметтiк даму проблемаларын шешу ісінде педагогика ұжымына, сондай-ақ, ата-аналарға (заңды өкілдерге) бағдар беру мақсатымен психологиялық-педагогикалық қорытындылар әзірлейді;
– белгіленген форма бойынша құжаттама жүргізеді және оны тиісті мақсатта қолданады;
– оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшелiктерiн есепке ала отырып, бiлiм беру қызметi бойынша дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға, әзiрлеуге қатысады, олардың әртүрлi жағдайларда өз өмiрлiк және кәсiптiк тағдырын өзi шешуге дайын болу қабілетін дамытуға жәрдем етедi;
– шығармашылық тұрғыдан дарынды тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетеді, оларды іздеп табуға, таланттарының дамуына ықпал жасайды;
– тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарды (ақыл-ой, физикалық, эмоциональдық) анықтап, оларды психологиялық-педагогикалық түзету бағытында шаралар қолданады;
– оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогика қызметкерлерінің және ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
– қызметкерлерге оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) әлеуметтiк-психологиялық құзыретiн арттыру бағытында психологияны практикада қолдану мәселелерi жөнiнен кеңес бередi;
– педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге, білім беру бағдарламаларында қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргізілетін шараларға қатысады;
– еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды.
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін,
түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік әр айдың 3-ші жұмасы күні: : 08:00 – 19:00 арасы.


Мектеп дефектологі С.Ю.Кимның міндеттері
Мұғалім-дефектолог мынадай міндеттерді атқарады:
оқушылардың (тәрбиеленушілердің) дамуындағы ауытқушылықтарды барынша түзеу бағытында белгіленген жұмыстарды жүзеге асырады;
оқушыларды (тәрбиеленушілерді) тексеріп, олардағы дефектінің құрылымы мен біліну деңгейін анықтайды;
оқушылардың (тәрбиеленушілердің) психофизикалық жай-күйін ескере отырып сабақ оқыту үшін оларды топтарға жасақтайды;
дамудағы ауытқушылықтарды түзеу, бұзылған функцияларды қалпына келтіру бағытында топтық және жекелей сабақтар өткізеді;
мұғалімдермен және тәрбиешілермен тығыз байланыста жұмыс істейді, сабақтарға қатынасады;
педагог қызметкерлер мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) дамуында ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсетудің арнайы тәсілдері мен әдістерін қолдану жөнінде кеңес береді;
қажетті құжаттамалар жүргізеді;
жеке бастың жалпы мәдени қалыптасуына, әлеуметтенуіне, кәсіби бағдарламаларды саналы түрде таңдай білуіне және оларды игеруіне ықпал етеді;
оқытудың мемлекеттік стандарттар аясындағы әртүрлі формаларын, тәсілдерін, әдістерін және құралдарын пайдаланады;
білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады;
оқушылар (тәрбиеленушілер) дайындығының деңгейі мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді;
оқушылардың (тәрбиеленушілердің) ҚР Конституциясында,
«Білім беру туралы» заңда, Бала құқықтары туралы конвенцияда қарастырылған құқықтары мен еркіндігін сақтайды;
- кәсіби біліктілігін бағдарламасында қарастырылған педагогикалық, әдістемелік кеңестердің (бірлестіктердің) жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбие және басқа да мәселелер жөнінде өткізілетін шараларға, ата-аналарға(заңды өкілдерге) әдістемелік және консультативтік көмек ұйымдастыру мен оларды жүргізу жұмыстарына қатысады;
- еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды;
- білім беру процесі кезінде оқушылар өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етеді.
Құқықтары
Мұғалім-дефектолог кәсіби міндеттерін атқару кезінде мыналарға құқылы:
басқару ісіне қатысуға, өзінің кәсіби абыройы мен намысын қорғауға;
оқушыларды, тәрбиеленушілерді бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін, оқу құралдары мен материалдарды,оқулықтарды, оқушылар білімін бағалау әдістерін еркін таңдауға.
өз қызметінің мәселелері бойынша директорының қарауына ұсыныстар беруге;
басшылары мен мамандарынан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттар алуға;
өз лауазымдық міндеттерін орындауға басшылығынан жәрдем көрсетуді талап етуге;
еңбек қорғау талаптарына сәйкес жұмыс орнына, жұмыс берушіден жұмыс орнындағы жағдайлар мен еңбектің қорғалуы туралы анық ақпараттар алуға;
кәсіби біліктілігін арттыруға, аттестациядан өтуге.
Жауапкершілігі
Мұғалім-дефектолог мыналарға жауап береді:
осы нұсқаулықта қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін – ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;
материалдық залал келтіргені үшін - ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;
баланың жеке басына тәрбиенің күштеу және (немесе) психикалық қысым жасау әдісін бір рет те болса қолданғаны үшін мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметінен босатылады.
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін,
түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік әр айдың 4-ші жұмасы күні: : 08:00 – 19:00 арасы.



Кітапханашы Т.С.Апсаликованың міндеттері
Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсетуге;
Кітап таңдау мақсатында оқырмандардың қызығушылығы мен сұранысына жүйелі көмек көрсетуге;
Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізуге;
Қорды анықтау мен орналастыруды ұйымдастыруға;
Каталог және карточка ұйымдастыру жұмысына қатысады;
Келген оқулық пен көркем әдебиеттерді насихаттау жұмыстарына жауап береді;
Кітапхана жұмысына есеп жүргізуге;
Кітапханаға көмек көрсету үшін оқырман активін ұйымдастырады;
Кітапхана аумағында техникалық қауіпсіздік шараларын жүргізеді;
Оқушылармен ұстаздардың формулярлар жүргізеді;
Кітапхана жұмысын жоспарға сай жүргізу;
Жоспарға сай кітап көрмесін ұйымдастырады;
Мектеп мұрағатының сақталуына және жұмысына жауап береді; Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.

Медициналық қызметкер А.Б.Нурмухамбетованың міндеттері
Жылдың басында мектепте оқитын балалар тізімін алуға;
Мектеп мұғалімдерінің санитарлық кітапшасын түгелдеуге (уақытылы өтуін қадағалау);
Балаларға ауырған жағдайда бірінші көмек көрсетіп, дер кезінде дәрігерге жіберуге;
Бірінші сыныпқа қабылдаған балалардың днесаулық паспортын уақытылы тексеруге, жинақтауға;
Балалардың жылына 1 рет диспансерлік тексеруден толық өтуін қадағалау, денсаулығын жақсарту; жұмыстарын жүргізуге;
Жұқпалы аурулардың алдын алуға. Мектеп ішінде балалар арасында профилактикалық жұмыстарын жүргізуге;
Өз уақытысында оқушыларға егу жұмыстарын жүргізу, нәтижесін дәптеріне тіркеу,
Тұрмысы төмен, жетім, жартылай жетім балаларға ыстық тамақ ұйымдастыру. Олардың дұрыс тамақтануын, тамақ құрамын жақсартып, таза ауыз сумен қамтамасыз етілуін қадағалау, негізгі санитарлық норманы сақтау;
Салауатты өмір салты жоспары бойынша СПИД, темекі, ішімдікке қарсы күрес жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
Мектептің тазалығын, бөлмелердің жарықтығын қадағалауға;
Жылдық флюрографиялық жоспар бойынша жоғары сынып оқушыларының флюрографияға түсуін қадағалауға;
Медико- санитарлық сабақтардың бағдарламаға сай жүргізілуін қадағалауға жауап береді;
Суицидке жауап береді;
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 9-00 ден 18:00 дейін,
түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.

Іс- қағаздарын жүргізуші
А.А.Досмағұлованың міндеттері
Жеке құрам, оқушылардың қозғалысы, мектептің негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды рәсімдейді;
Еңбек кітапшаларын толтырады;
Еңбек шарттарын (келісім-шарттарын)жүргізеді және рәсімдейді;
Іссапар құжаттарын рәсімдейді;
Қызметкерлердің жеке құжаттарына, оқушылардың жеке құжаттарына жауап береді, сынып жетекшілерінен мерзімінде орындалуын талап етеді.
Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 08:00 ден 16:00 дейін, түскі үзіліс 12:00 ден 13:00 арасы.
Сенбі 08:00 ден 13:00 дейін