Мектепке жол Атамекене порталы » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Мектепке жол Атамекене порталы
23
July
2020

Мектепке жол Атамекене порталы

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ

Мемлекет басшысы  Қасым-ЖоMarch  Тоқаевтың  тапсырмасын  орындау  мақсатында  2019  жылдан  бастап  жыл  сайынғы «Мектепке жол»  қайырымдылық  акциясы  жыл  бойы  өтетін  форматқа  ауыстырылды, яғни барлық күнтізбелік жылға ұзартылды.
Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым  министірлігі  (бұдан  әрі- Министірлік)  мен «Атамекен»  қоғамдық  бірлестігі «www.atamekenim.kz» порталы  арқылы  өтініштер   мен  тізім  бойынша  мұқтаж  отбасыларға көмек   жинау  туралы  келісім  жасасқан, адамдардың өтініштерін қабылдау және меценаттар мен демеушілерден келіп түсетін қайырымдылық көмекті тарату үшін «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында Мектепке жол платформасы құрылды. Бұл портал демеушілер мен меценеаттар ақшалай қаражатты онлайн аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады, көмекке мұқтаж адамдар «www.atamekenim.kz» порталында Мектепке жол платформасына кіріп тіркелуіне болады.