"Бала құқығы-Адам құқығы" » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Бала құқығы-Адам құқығы"
17
November
2022

"Бала құқығы-Адам құқығы"

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Панфилов атындағы орта мектепте, балалар жылы аясында "Бала құқығы-Адам құқығы" онкүндік жоспарына сәйкес «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс мақсаты: «Бала құқығы- адам құқығы» тақырыбындағы онкүндік жоспары бойынша мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуы, зорлық-зомбылық мәселелеріне назарларын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көз қарасты қалыптастыру. Осы тақырыпқа байланысты балалардың мүддесі үшін мемлекеттік атқарылып жатқан саясатты іске асыру мәселелері туралы түсінік беру. Ата-аналар жиналысында директордың тәрбие ісі жөніндегі ороынбасары Ж.Б.Жаулыбаева «Мемлекет тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға бөлінетін әлеуметтік жеңілдіктер» тақырыбында , әлеуметтік педагог А.М.Тургельдинова «Мектептегі әлеуметтік жұмыстар» және педагог-психолог Х.Д.Исаева «Зорлық -зомбылықтың және қатыгездіктің алдын алу» тақырыптарында баяндама-таныстырылым көрсетіп, ата-аналарға тақырып бойынша жадынамалар таратылып, сауалнама алынды.