Мектепке жол » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
июль
2020

Мектепке жол

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды, яғни барлық күнтізбелік жылға ұзартылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі (бұдан әрі- Министірлік) мен «Атамекен» қоғамдық бірлестігі «www.atamekenim.kz» порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісім жасасқан, адамдардың өтініштерін қабылдау және меценаттар мен демеушілерден келіп түсетін қайырымдылық көмекті тарату үшін «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында Мектепке жол платформасы құрылды. Бұл портал демеушілер мен меценеаттар ақшалай қаражатты онлайн аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады, көмекке мұқтаж адамдар «www.atamekenim.kz» порталында Мектепке жол платформасына кіріп тіркелуіне болады.