Мектеп директоры Инаханов Толеухан Даулетпакович » Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директоры Инаханов Толеухан Даулетпакович
09
март
2020

Мектеп директоры Инаханов Толеухан Даулетпакович

Мектеп директоры Т.Д.Инахановтың   мiндеттерi:
Мектеп директоры келесі лауазымды міндеттерді орындайды:
-Мекеме жарғысына сәйкес мектептің барлық бағыттағы қызметін жүзеге асырады;
-Мектеп педагогикалық кеңесін;
-Мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын, қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін ; 
-Жарғыны және мектептің ішкі тәртіп ережелерін және басқа оқу-әдістемелік құжаттарды үйлестіреді, бекітеді және бақылайды;
-Жоғары тұрған органдармен келісу арқылы мектепті басқару құрылымын, штаттық кестені анықтайды;
-Оқу-әдістемелік, әкімшілік, қаражаттық және басқа мектеп қызметінің барысындағы сұрақтарды шешеді;
-Педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;
-Жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады;
-Қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтайды, кәсіпкерлік деңгейлерін жоғарылатуға жағдай жасайды;
-Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы мөлшерлеріне үстемелер және қосымша төлеулерді қосуды анықтайды;
-Оқушылардың сабақ кестесін, жұмыс графиктерін және мектеп қызметкерлерінің педагогикалық жүктемесін, тарификация тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді;
-Қызметкерлердің шығармашылық ынтасын көтереді және ынталандырады, ұжымда қолайлы адамгершілік-психологиялық ахуалды сақтайды;
-«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемесінің типтік жағдайына»  сәйкес оқушылар контингентін қалыптастырады. Әлеуметтік қорғану және оқушы құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
-Мектепті мемлекеттік тіркеу, білім қызметін лицензиялау, мемлекеттік іскерлік сараптауды және мектеп аккредитациясын жүзеге асырады;
-Мектеп қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және дәрігерлік қызмет жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, қоғаммен және ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) нәтижелі әрекеттестік және іскер ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
-Білім алу процесін, қызметкерлердің қосымша әдістемелік дамуын үйлестіреді;
-Мектеп   педагогикалық кеңесі қызметіне басшылық етеді;
-Қоғам (балалар және жастар) ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді;
-Ұжымдық келісімшарт орындалуын қамтамасыз етеді;
-Мұғалімдердің апталық жүктемесін бөлуге;
-Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және басқа органдарда, ұйымдарда мекемелерде мектептің атынан жауап береді;
-Оқу-материалдық негізді толықтыруға, сақтауға және мұрағаттық құжаттардың сақталуына, іс жүргізу жұмыстарын, бухгалтерлік есептерді, статистикалық есептілікті басқаруды қадағалауға міндетті;
-Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, жәрдемақылардың тағайындау жөніндегі жұмысты белгіленген ретте ұйымдастырады;
-Білім процесін еңбек заңына, салааралық және ведомстволық нормативті құжаттарға, актілер және мектеп жарғысына сәйкес іске асырады;
-Техникалық коммуникацияларды жүргізу қауіпсіздігін, олардың еңбек заңына, стандартқа, ережелерге, нормаларға сәйкестігін қадағалайды, білім алатын мекеме ғимараттарының жөнделуін дер кезінде ұйымдастырады;
-Еңбек қауіпсіздігін оқу бөлмелерінде, шеберханаларда, спортзалдарда және т.б. қосымша бөлмелерді  қадағалайтын жауапты тұлғаларды тағайындайды;
-Педагогикалық ұжымның лауазымды міндеті мен өмір  қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бекітеді;
-Жарты жыл сайын қызметкерлердің алдында мектептің күй-жағдайы, оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын жақсарту шаралары, білім процесін жақсарту, кемшіліктерді жою туралы диспансерлеудің дер кезінде өткізілуі туралы есеп береді;
-Жаңа оқу жылына мектептің дайындығын  ұйымдастырады;
-Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулық және нормативті құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді, басқару органдарының, мемлекеттік қадағалаудың, еңбек техникалық тексерулерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
-Кез келген жазатайым жағдайлар туралы жоғары тұрған білім басқару органына, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дер кезінде хабарлайды;
-Жазатайым жағдайды туғызған себептердің жойылуына және объективті тексеріс өткізілуін қамтамасыз етеді;
-Жұмыс істеушілердің және оқушылардың ішкі тәртіп ережелері мен функционалдық міндеттерін кәсіподақ комитетімен келісіп бекітеді;
-Кәсіподақ комитетімен және ата-аналар қоғамымен бірге асханада және буфетте тамақтануды жетілдіру, өнімдердің ассортиментін, азық-түліктің сапалы даярлау шарттарын жасайды;
-Дәрігерлік қызметкерлермен бірге мектепте дәрігерлік қызметтердің сапасын көтеруді шешеді;
-Жұмыс істеуші және оқушының дұрыс демалуы мен жұмыс істеу тәртібін бақылайды;
-Оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына зиян келетін жағдайда оқу процесін тоқтата алады;
-Мектептегі әкімшілік тарапынан ұйымдастырылған кезекшілікті қадағалайды;
-Есепті өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына дер кезінде береді;
-Жарғыны және мектептің ішкі тәртібін, нормативті актіні, білім басқармасының бұйрығын және тағы басқа қызметтік міндеттерді орындамауда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
-Өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін, еңбек қауіпсіздігін, санитарды-гигиеналық ережелерді сақтамағанда мектеп директоры Қазақстан Республикасының әкімшілік заңына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
-Өз лауазымдық міндетін орындауда мектепке немесе білім үрдісіне зиян келтірсе, материалдық жауапкершілікке тартылады;
-Мектеп психологы мен дефектологтың жұмыстарына бақылау жүргізеді;
-Мектептегі міндетті жұмыста болу мерзімі күнделікті 8:00 ден 17:00 дейін, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 арасы.
Мектепішілік кезекшілік  жоспарға сай: сәрсенбі: 08:00 – 19:00 арасы.
     - Бастауыш сыныптардың, мектепалды даярлық топтарының, математика, физика,  пәндерінің оқытылуына және  шағын орталықтың жұмысына жауапты;    
Құқығы  
Мектеп директорының өзіндік құқығы бар:
-Мектеп қызметкерлеріне білім үрдісі негізінде бұйрық беруге;
-Мектеп қызметкерлерін тәртіптік және басқа жауаптылыққа тартуға;
-Оқу-тәрбиелік үрдіске кедергі келтірген, мектеп жарғысын және ішкі тәртіпті орындамаған теріс қылықтары үшін мектеп оқушыларын жауапкершілікке тартуға;
-Нормативті заңға сәйкес   ұйымдық-әдістемелік сипаттағы мемлекеттік және атқару органдырынан нұсқаулық хабарлар алуға;
-Оқушылармен өтілетін сабақтарға қатысуға;
-Қажетті жағдайда ғана сабақ кестесіне өзгертулер енгізуге, сабақты болдырмауға, бірігіп өткізілетін кездерде ғана топтар мен сыныптарды біріктіруге;
-Өз өкілеттіктерімен делегат жіберуге, сенім хаттар беруге.